Отандық өндіріс металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібіндегі импортты алмастырады

Уақыты: 2025-06-08 Көрлімі: 101 Сипаттама

Қазақстанда отандық өнімнің үлесі артып келеді. Бұл үрдіс металлургия, жеңіл өнеркәсіп...


IMG_7451.jpeg

Қазақстанда отандық өнімнің үлесі артып келеді. Бұл үрдіс металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалады. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады.


«Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады», — деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.


  Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясынабасымдық берілді. Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.


https://t.me/KZgovernment Телеграм арнасынан

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
    Өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озды

    Ұқсас тақырыптар