Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Уақыты: 2025-06-06 Көрлімі: 137 Сипаттама

Ардақты ағайын!Құрбан айт мерекесі құтты болсын!Барша мұсылман қауым үшін қасиетті сан...

IMG_7427.jpeg

Ардақты ағайын!


Құрбан айт мерекесі құтты болсын!


Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. 


Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.    


Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.  


Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын!


Әр шаңыраққа құт-береке қонсын!


Айттан айтқа аман-есен жете берейік!


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
    Отандық өндіріс металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібіндегі импортты алмастырады

    Ұқсас тақырыптар