Өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озды. Осы қарқынды үдете түсу керек — Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қол қойған елішілік құндылық институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі заң шеңберінде отандық өндірісті дамыту және қолдау шаралары қаралды.
Премьер-министр отандық өндірістің дамуы экономикалық өсімнің негізі екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы аталған бағыттың маңыздылығына ерекше мән беріп келеді. Үкімет қазақстандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті болуы үшін олардың өндірістік жүктемесін арттыруға бағытталған елшілік құндылықтарды дамыту тетіктерін іске қосуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылдан бастап өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озғанын атап көрсетуге болады. Осы қарқынды үдете түсу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
https://t.me/KZgovernment телеграм арнасынан