Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
Заң шығару жұмысы
Сессия басталғалы бері:
62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған;
Президент 55 заңға қол қойған.
Олар қатарында: Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.
➤ Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес:
Салық, Құрылыс кодекстері;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
➤ Мәжіліс төрағасы:
жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады;
депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келе жатқанын айтты.
➤ AMANAT партиясының жобалары
Мемлекет басшысына:
«Қарызсыз қоғам»,
«Ауыл аманаты»,
«Жер аманаты»,
«Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.
➤ Парламентаралық байланыс
Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды:
Мәжіліс делегациясы Ташкентте өткен 150-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына қатысты;
ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, ТМД парламентаралық ассамблеясы және басқа да бағыттағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде белсенді жүргізіліп жатыр.
t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан