Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Уақыты: 2025-04-17 Көрлімі: 203 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Ке...

IMG_6841.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті.


➤ Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.


➤ Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.


➤ Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.


  Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.


– Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды
    Президент Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

    Ұқсас тақырыптар