«Газпром» дағдарыстан шығу жоспарын әзірлеуде

Уақыты: 2025-04-17 Көрлімі: 200 Сипаттама

«Газпром» дағдарыстан шығу жоспарын әзірлеуде. Жоспардың бір бөлігі компанияны көп са...

IMG_6851.jpeg

 «Газпром» дағдарыстан шығу жоспарын әзірлеуде. Жоспардың бір бөлігі компанияны көп салалы етуден тұрады. Алдағы уақытта «Газпром» кіржуғыш машина шығаруды ойластыруда. Ол Петербордағы бұрынғы Bosch зауытында тұрмыстық техниканы шығары бастамақ. Соғысқа байланысты Bosch компаниясы Ресейден кетіп, өзінің қымбат құрылғыларын қоса әкеткен болатын. Дегенмен «Газпром» өткен жылы өзге зауыттың базасында алғашқы газ плиталарын жасап, нарыққа шығарды. 


Financial Times-тың жазуынша 2024 жылы «Газпром» 1,08 трлн рубль шығынға ұшыраған. Ал оның валюталық қоры 50 есеге азайған. Осылайша «Газпром» үлкен дағдарысқа тап болуда. Компания өзінің шығынын жабуға талпыныс жасап, ішкі нарық үшін газ бағасын қымбаттатуда. 


Газпромның дағдарысқа ұшырауының басты себебі Еуропа нарығының басым бөлігінен айырылу болып саналады. ЕО елдері Украина соғысына байланысты ресейлік газдан бас тартуда.


https://t.me/paranoiakz телеграм арнасынан

Пікір жазу
  • Президент Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
    БИЗНЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯНЫҢ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕРІН АЙТТЫ

    Ұқсас тақырыптар