«Кәсіп иесі – 2025» халықаралық форумы аясында қандас кәсіпкерлермен кездесу өтті

Уақыты: 2025-04-15 Көрлімі: 154 Сипаттама

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбе...

IMG_6810.jpeg

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы «Кәсіп иесі – 2025» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген қандас кәсіпкерлерді қабылдады.

IMG_6809.jpeg

Форумға әлемнің 7 мемлекетінен және Қазақстанның 9 облысынан келген кәсіпкерлер жиналып, өзара тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу рухани мазмұны терең, мазмұнды әрі әсерлі форматта өтті.


Қандастарымыз өз еліндегі бизнесті дамытуға, Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізіп, болашақта бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін айтты.


Өз сөзінде Зауытбек Қауысбекұлы:

«Адамның рухы аш болса, дүниенің байлығы құт бола алмайды. Кәсіпкер болу – тек табыс табу емес, елге қолдау көрсету, рухани биік азамат болу деген сөз. Елге қызмет ету – нағыз кәсіпкерлік парыз», – деп атап өтті.


Кездесу шынайы ықыласқа, ұлт пен ел мүддесіне негізделген мазмұнды сұхбаттармен өрбіп, қатысушыларға ерекше шабыт пен серпін сыйлады.

IMG_6811.jpeg



ДҚҚ-ның фб парақшасынан 

Пікір жазу
  • Трамптың тарифтік саясаты әлем экономикасына үлкен соққы жасауы мүмкін
    Қала мен Ауыл халқы: Әлемде 75/25 деген жазылмаған формула бар

    Ұқсас тақырыптар