Бүгін Астана қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның қатысуымен Қазақстанның тұңғыш геологы, ғұлама ғалым және алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай академиктің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын дәріптеу, еліміздің геология ғылымының дамуына қосқан үлесін атап өту және өндіріске жас мамандарды тарту.
Салтанатты рәсімге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров қатысты.
«Сәтбаев пен оның ізбасарларының тынымсыз еңбегінің арқасында Қазақстанның қойнауынан Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық дерлік элементтері ашылды. Ғалымдар ашқан пайдалы қазбалардың кен орындары Қазақстанда көптеген өнеркәсіп орталықтарының құрылуына негіз болды», – атап өтті Иран Шархан.
https://t.me/KZgovernment телеграм арнасынан