Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Экономиканың нақты секторын қаржыландыру туралы» тақырыбындағы Үкімет отырысында баяндама жасады.
????️«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсу үрдісін «бекітуді» тапсырды. Осы саланы дамыту үшін ағымдағы жылы 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетін болады», – атап өтті Министр.
????Сонымен қатар жалпы бағасы 15,3 трлн теңге тұратын 417 жоба бойынша жұмыс басталды. Жобаларды қаржыландыру жеке инвестициялар, екінші деңгейлі банктер және даму институттары есебінен көзделуде.
ukmet телеграм арнасынан