Қытай Премьері Ли Цян сыртқы қиындықтарға қарамастан, Қытай экономикасы тұрақты дамып, болашағы зор екенін айтты. Бұл пікірін ол экономикалық жағдайға арналған үкімет отырысында білдірді.
Премьердің айтуынша, биылғы тұрақсыз жағдайға қарамастан, Қытайдың экономикасы бірінші тоқсанда өсіп, біртіндеп қалпына келіп жатыр.
Ли Цян үкіметке макроэкономикалық саясатты белсенді түрде жүргізіп, халықтың ішкі сұранысын арттыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлерге өзгерістерге тез бейімделіп, бизнесін дамытуға кеңес берді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан