Сенат депутаттарын халық сайлай ма?

Уақыты: 2020-06-13 Көрлімі: 1435 Сипаттама

12 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы...

74ce649f9d4220b565ee15c5bf39f8e7_XL.jpg

12 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылы 12 тамызда өткізу туралы қаулы шығарды. Осы қалуы бойынша 12 тамызда облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден 17 адам Сенат депутаты болып сайланады. Кандидаттарды ұсыну бүгіннен басталады.

Елімізде Сенат 47 депутаттан тұрады. Оның 34-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласынан және 14 облыстан 2 депутаттан сайланады. Қалғанын президент тағайындайды. Өңірлерден сайланатын депутатың әр 3 жылда біреуін сайлайды.

2014 жылдың қазан айында өңірлерден сайланған 17 депутаттың өкілеттілігі  осы жылдың 15 қазанында аяқталады. Заң бойынша Сайлауды ҚР Президенті іс басындағы депутаттардың өкілеттігі аяқталғанға дейін төрт ай бұрын, яғни 15 шілдеден кешіктірмей белгілейді және ол екі ай бұрын, яғни 15 тамыздан кешіктірілмей өткізіледі. Сол бойынша сайлау 12 тамызға белгіленді. Сайлау уақыты белгіленген күннің ертесінен бастап, үміткерлерді тіркеу басталады. Яғни бүгіннен бастап ҚР Парламент Сенатына депутаттыққа үміткерлер тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады.

ҚР Сенат деутаттығына Қазақстан Республикасының  аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан ҚР азаматы үміткер бола алады. Сондай-ақ сот әрекетіне сенімсіз деп таныған және жемқорлықпен істі болған адам Сенат деутаты бола алмайды. Бұл туралы кеше сайлау комиссиясының отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

«Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және олардың сайлануға құқығы жоқ. Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды», - деді К. Петров.

Қазақстанда Сенат сайлауы жанама сайлау түрінде өтеді. Әр өңірдің мәслихат депутаттары сол өңірдің Сенат депутатын сайлайды. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев кешегі сайлау комиссиясының отырысында айтып өтті.

«Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихат депутаттары сайлайды. Оларды өз кезегінде республика азаматтары сайлады. Осылайша, ел азаматтары өз өкілдері арқылы Сенатты қалыптастыруға қатысады», - деді ол.

ҚР Парламенті Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат депутаттары жанама сайлау құығы арқылы, ияғни өңірлердегі мәслихат депуттарының сайлауы арқылы өтсе, Мәжіліс депутаттары партиялық тізім ретінде, партия ішінде іріктеледі. Сайлаушылар тек партияға дауыс береді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет»,- деген еді. Ал біздің «Ықпалды Парламенттің» екі палатасының сайлауы да жанама түрде болады. Яғни халық ҚР Парламент депутаттарының ешқайсысын тікелей сайламайды. Сол үшін де ел арасында Парламентке сенімсіздік танытып жататындар да бар. Егер шынымен ықпалды парламент қалыптастығымыз келсе, Сенат пен Мәжілістің бірін халық өзі тікелей сайлауы керек. Мәжіліс сайлауында халық партияларға дауыс беріп, депутаттар партия ішінде іріктелсе, Сенаттың 34 депутаты өңірлерден сайланады. Бұл жерде тағы мынаы ескерген дұрыс. Сенат депутатының өкілеттілігі 6 жыл.  Өңірдегі халықтың атынан мәслихат депутаты оны 6 жылға сайлайды. Бірақ, ол кезде мәслихат депутатының өзінің өкілетігінің бітуіне 6 жыл емес, 6-ақ ай қалуы мүмкін. Сол үшін өңірлерден сайланатын Сенат депутатын халықтың өзіне тіклей сайлау құқын беру керек. Сол кезде халық тікелей сайлаған депутаттың сайлаушылары алдындағы жауапкершілігі де арта түседі. Сол арқылы ықпалды парламентке жетерміз.

Осы жолғы Сенат сайлауын жанама сайлау құқы арқылы өткізсе де, алдағы 3 жылдан кейін Сенат сайлауына дейін бұл жағы ескеріліп жатса игі еді. Сонымен бірге алдағы уақытта оналйн дауыс беру жүйесін енгізу қажет болуы мүмкін. Әсіресе, биылғыдай төтенше жағадай кездерінде онлайн дауыс беру тиімді болар еді. Цифрлану дәуірінде оның жүйелі механизмі жасалса, шығынды да барынша азайтатын еді. 

Тұрдыбек Құрметхан

Сурет: Хабар 24

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Сайлаудан кейінгі бір жыл
    Мәулен Әшімбаев: Шағын және орта бизнестің мәселелері ашық айтылуы керек