Қашықтан оқыту барысы қалай өтуде?

Уақыты: 2020-04-17 Көрлімі: 454 Сипаттама

Әлемдік пандемия коронавирустың елімізде етек алып кетпеуі үшін ҚР Президенті Қасым-Ж...

ef5dbfb3-21c6-41f8-bb44-805533015f4e.jpg

Әлемдік пандемия коронавирустың елімізде етек алып кетпеуі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 наурызда 15 Наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жариялады. Осыдан кейін Үкіметтің тапсырмасы бойынша 16  наурыздан бастап мектептер 6 сәуірге дейін демалысқа шығып, Жоғарғы оқу орындары мен колледждер Қашықтан білім беру жүйесіне көшті. 6 сәуірден бастап мектеп те қашықтан білім беріп жатыр. Міне бүгін мектеп  қашықтан оқытудың 2 аптасын, жоғарғы оқу орындары бір айын аяқтады.

Қашықтан білім беру жүйесі елімізде төтенше жағдай кезінде толықтай қолданып, жаңа бір үрдіс сияқты көрінгенмен көптеген университеттертің базасында бұл тәжірибе бұрыннан бар. Бір бөлім жоғарғы оқу орындары бұрынғы Сырттай оқу бөлімін Қашықтан оқыту бөліміне ауыстырған. Атап айтар болсақ, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қашықтан білім беру жүйесін қолданғанына 10 жылға таяды. Университеттің ақпараттық жүйесінде арнайы қашықтан білім алушыларға арналған бөлім жасалып, оқытушылар үшін қашықтан оқытуға арнайы кабинеттер жасақталған болатын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың да  базасында Қашықтан оқытудың өзіндік моделы болған. Ал бұл жолғы жалпы беттік қашықтан білім беруде бұндай дайын жүйелер өз пайдасын тигізгенімен, толықтай оқу үрдісін қамтамасыз етеуге жеткіліксіз болды. Өйткені бұл жолы арнайы бір бағыттарға емес, төтенше жағдай кезінде жалпы білім алушыға қашықтан оқыту ұсынылды. Сол үшін оқытушылар мен студенттердің барлығына қолжетімді болатын, түрлі жүйелерді таңдауға тура келді.

Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының білім беру барысын басқаратын өздерінің ақпараттық жүйелері бар. Көптеген университеттер осы барыста сол ақпараттық жүйелеріне қашықтан білім беру барысында қолданумен бірге бірнеше танымал желілердің көмегіне жүгінді. Еліміз бойынша қашықтан білім беруде ең кең қолданысқа түскені зум бағдарламасы. Бірақ аталмыш бағдарламаны қолданушылар артқан сайын сервері артық жүктемені көтере алмады. Осыған байланысты көптеген оқу орындары басқа бағадарламаларға көшті. Оның ішінде еліміздің жоғарғы оқуы орындарының көшбасшысы болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универстеті де бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қашықтан білім берудің ережесін бекітіп, оқытушылар мен студенттерге бірнеше Интернет-платформасын ұсынды. Оның ішінде студенттердің тапсырмаларын тексеріп, бағалауда өзінің «Универ 2» жүйесін пайдаланды. Бұл жүйеге студенттермен кері байланыс орнататын мүмкіндіктер қосылды. Одан бөлек бұрыннан бар қашықтан білім алушыларға арналған арнайы жүйесі де пайдаланылды. Бұдан бөлек видеодәрістер өткізуге зум бағдарламасынан басқа Google Meet немесе Webex, Microsoft teams қатарлы бағдарламалар мен ютуб, ватцап әлеуметтік желілері қатар пайдалану ұсынылды.

fcc73a48-3fa3-4d29-b16e-07bdc3b1f54a.jpg

Жоғарғы оқу орындары осылай танымал әлемдік бағдарламалар мен өз ақпараттық жүйелерін пайдала отырып, оқу үрдісін жүргізіп келеді. Магистранттар мен оқу бітіруші студенттердің Мемлекеттік емтихандарын да қабылдауда. Әрине бұл барыста қиыншылықтар да аз емес. Әсіресе ауылдық жерлерде тұратын студенттердің жоғарғы жылдамдықты интернетке қолжеткізе алмауы, көптеген студенттердің компьютер сияқты техникалық мүмкіндіктері болмауы берілген тапсырмаларды уағында орындауына мүмкіндік бермей отыр.  Бұл студенттерге ғана емес оқытушыларға да өз әсерін тигізуде. Сол себепті қашықтан білім беруде мұғалім, әсіресе студент саны көп топтарға сабақ жүргізетін мұғалімдер бұрынғыа қарағанда көп уақыттарын студенттермен кері байланыс орнатуға жұмсап отыр. Сабақ кестелері бойынша студенттерге онлайын сабақ түсіндіргенмен, оқытушылар аптаның 7 күнінде де студенттермен байланыста болып, 1 айдан бері демалыссыз жұмыс жасап келеді деуге болады. Соның нәтижесінде елдегі 600 мыңнан астам студент оқу үрдісін жалғастырып отыр. Ендігі уақытта олар қашықтан емтихан тапсыруға дайындалуда.

 Осы бір айлық қащықтан оқыту барысына  студенттері көп топтарға лекция сабақтарды онлайн жүрргізу дәрісханада лекция оқудың орын басудың тиімділігін көрсеткендей. Ал керісінше зертханалық, практикалық сабақтардың орны қажетті техникалармен жабдықталған зертханалар мен өндірістік нысандар екенін көрсетті. Сондықтан ендігі жерде ЖОО техникалық базасын толықтырғанда дәрісханлардан көрі зертханаларға көбірек басымдылық бергені жөн деп ойлаймын.

Қашықтан оқытудағы техникалық құрал жабдықтар мен байланыс арналарының қолжетімсіздігі мектеп оқушыларына білім беруде ЖОО-да қолданылаған көптеген жүйлерді қолдануға мүмкіндік бермеді. Бұл тақырып әлеуметтік желіде және баспасөзде көп талқыланды. Ақыр соңында «Назарбаев» зияткерлік мектебі қатарлы арнаулы оқу орындарынан басқа  мектептердің барлығы WhatsApp әлеуметтік желісін пайдалана отырып, теле арналар арқылы (Балапан, «Қазақстан» теле арнасында қазақ тілінде, Ел арнада орыс тілінде) білім беруге көшті және Kundelik жүйесі, Bilimland, Daryn online қатарлы қашықтан оқытуға бейімделген бірнеше Интернет-платформаларды пайдаланып жатыр. Тіпті бұл бағыттарға қол жеткізе алмайтын оқушылар үшін Қазпочта мен радио қызметін де қашықтан білім беруге қолданды.

Мектептерде қашықтан оқыуда «Назарбаев зияткелік мектебі» қатарлы бір бөлім мектептер Microsoft teams қатарлы бағдарламаларды пайдаланып, қашықтан білім берудің қалаларда орналасқан оқушылар үшін де ата-аналары техникалық құрал жабыдықтарын қамтамасыз ете алса  үлкен мәселе емес екенін көрсетті. Бұл мектепте 1-сыныптан бастап барлық сыныптар Microsoft teams арқылы онлайын оқуда. Ал елдегі басқа орта мектептердің басым бөлігі министр Аймағамбетов айтқандай онлайн емес, қашықтан оқып жатыр. Бұл жөніде министрліктің нақты дайындықтар жүргізгенін министр оқу үрдісі басталар алдында барлық оқушылар мен ата-аналарға түсіндірген. Сондай-ақ оқытушыларды да арнайы дайындағанын, сонымен бірге мұғалімдерден басы артық есеп талап етпейтінін айтқан еді.

Елдегі төтенше жағдай басында 15 наурыздан 15 сәуірге дейін жарияланған. Мемлекет басшысы жақында осы айдың соңына дейін созды. Қазір елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар күн санап артып келеді. Басында мектепте қашықтан білім бергенше, сәуір айындағы сабақты маусымға ауыстырса деген ұсыныстар да айтқанбыз. Бірақ, төтенше жағдайдың қашанға дейін созылары қазіргі жағдай үшін белгісіз. Сол үшін қолдан келген бар мүмкіндікті пайдалана отырып, Қашықтан білім беру үрдісін жолға қойған ең дұрыс шешім болды. Қат-қабат қиыншылықтар болса да карантин кезінде ата-ана мен оқушы, мұғалім болып үш жақты қамтып қашықтан білім беру үрдісі өтіп жатыр. Карантиндегі жұмыссыз ата-анаға да жұмыс табылды. Бастысы карантин кезінде оқу үрдісі тоқтамады, қай деңгейде болса да оқу үрдісі жүріп жатыр. Соңғы қоңырауды қашықтан соғылса да, жаңа оқуы жылының алғашқы қоңырауы мектептен соғылсын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Байшоланова Карлыгаш Советовна,

Оқытушысы Құрметқан Тұрдыбек


Jebeu.kz

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Коронавирус әуе компанияларын қанша шығынға ұшыратты?
    Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны, қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды