Екпе салу қауіпті ме, қауіптің алдын ала ма?

Уақыты: 2020-06-16 Көрлімі: 1658 Сипаттама

Соңғы жылдары бір бөлім ата-аналар діни танымы мен тағы басқа себептерге байланысты ба...

b7e1dd2544018ce28d47d957b3f9811b.jpg

Соңғы жылдары бір бөлім ата-аналар діни танымы мен тағы басқа себептерге байланысты балаларына екпе салудан бас тартып жүр. Әсіресе былтырдан бергі талқыдағы  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының ауырудың алдын алу екпелерін салуға қатысты кейбір тармақтары бір бөлім адамдардың қарсылығына ұшырады. Оның ішінде қарапайым азаматтардан бастап Парламент депутатына дейін бар.

Екпе салуды заңнамалық тұрғыда бекітуге қарсылық білдірудің бір себебі адамдардың діни сеніміне байланысты болса, екіншісі және ең маңыздысы кейбір сапасыз екпелерді салудың салдары. Әрине, жемқорлық пен салқырттық және басқада жағдайларға байланысты екпеден кейін түрлі жайсыз жағдайлардың орын алатыны бар. Бірақ бұл жағдай ілуде бір кездеседі. Осыған орай аталмыш заңдағы екпені заңды тұғыда бекіту сапалы вакцинацияға қол жеткізуге де заңды негіз болмақ. Бұл туралы бүгінігі Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

«Вакцинацияға қарсы идеялар мен пікірлер де бар. Оларды де елемей кетуге болмайды. Өйткені, көпшілігі вакцинацияның өзіне емес, оның сапасына қарсы. Дәл осы орайда жаңа кодекс аталған ерекшеліктердің бәрін ескеріп, жауапкершіліктің, оның ішінде сапасыз вакцинация үшін де нақты тетіктерін енгізеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл мәселеде барынша сындарлы саясат қажет. Оның сәтті жүзеге асырылуына сіз бен біздің денсаулығымыз ғана емес, сонымен бірге балаларымыз бен немерелеріміздің де аман-есендігі байланысты»,- деді А. Балаева.

Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова екпе салу жылына неше миллиондаған адамның өмірін қорғап қалатынын айтты.

«Вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, екпе жасау жыл сайын 3 млн-нан адамның өмірін қорғайды», - деді Людмила Бюрабекова.

Екпе болмаған жағдайда тарихта қанша жұқпалы ауырулардан адамзат баласы шығынға ұшырады. 30, 40 жылдың алдында әр отбасының бірнеше баласын алып кететін қызылшаның өзінің қазіргі кезде ешқандай қорқынышы қалмады. Аржағын айтпаған күннің өзінде биылғы коронавирус жағдайында екпенің ролы анық көріне бастады. Әлем ғалымдары коронасвирустың екпесін дайындауда жүрсе, халық екпенінің қолданылысқа енуін асыға күтуде.

Осы тұрғыда аталмыш заңды халық арасында дұрыс нәсихаттау қажеттілігі туады. Бұл заң балаларға мәжбүрлі түрде екпе салу мен сапасыз екпелер салдарынан зардапқа ұшырауына әкелетін емес, керісінше осындай олқылықтардың орнын алып, дені сау ұрпақ қалыптастыруға бағытталғанын түсіндіру ләзім.

Т. Құрметұлы

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • ҰБТ барысында қандай санитарлық талаптар қойылады?
    Түрленген Түркістан