Төтенше жағдайда Рамазан айының амалдары қалай орындалады?

Уақыты: 2020-04-21 Көрлімі: 1175 Сипаттама

24 сәуір жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті айдың бірі болып табылатын Рамазан айы бас...

unnamed (1).jpg

24 сәуір жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті айдың бірі болып табылатын Рамазан айы басталады. Рамазан айында ораза ұстаумен бірге жасалатын бірнеше құлшылық амалдар бар. Бүгінгі коронавирус әлегінен алаңдаған мұсылман қауымда бұл амалдарды қалай орындаймыз деген алаң да бар.

Мамандар коронавирустың әсері  адамның иммунитетіне тікелей байланысты екенін, сондай-ақ бұл індеттің жасы ұлғайған адамдарға оңайға соқпасын айтуда. «Ораза намаз тоқтықта» демекші ең алдымен азаматтарымыз өз амандығы үшін ораза ұстарда иммунитетін түсіріп алмауын ойлағаны жөн. Бұл туралы ҚР Діни басқармасының мамандары да өз кеңестерін беруде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Шарихатта жаңа ауыру пайда болғанда оразаны тоқтатуға рухсат берілгенін айтады. «Шариғатта мерт болуы, белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқынуы қаупі күшейгенде, сондай-ақ жүкті және емізулі баласы бар әйелдер өзі немесе жатырдағы баласы үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Ораза ұстауға шамасы келмейтін кәрі ер мен әйелге және айықпайтын ауруға дұшар болып, ораза ұстауға шамасы келмейтін адамның ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ ұстамаған оразаның әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандыруға (підия беруге) бұйырылды»,- деді Хасан Аманұлы.

Бұл айда ораза ұстаумен бірге тарауық намазы, ауызашар беру, пітір-садақа сияқты рамазан айының бірнеше амалы бар. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қазір мешіттерде жамағатпен оқылатын намаздарды уақытша тоқтатқан, сол үшін бұл айда діни басқарма өкілдері тарауық намазын әр азаматқа отбасымен бірге үйде оқуды ұсынды. Сондай-ақ көрші-қолаң, туыс-туғандарға ауызашар беруді де төтенше жағдай кезінде тоқтатуды ескертті. Бұл туралы Елордада орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтып өтті.

«Бұл жөнінде өткенде айтылған үндеуімізде кеңес берген болатынбыз. Баршамыз жақындарымызды, көршілерімізді үйге шақырғымыз келетінін түсінеміз, бірақ өзіміздің, ағайын туыстың, көршілеріміздің амандығы үшін мына төтенше жағдайда карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қазір сабыр етіп, оқшауланайық. Бәрі жақсы кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз. Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауыз ашарға кететін шығынды беріп, қаржылай көмек көрсетсеңіз де мол сауапқа кенелесіз. Осы ретте барша отандастарымды көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге, еліміздегі мешіттер арқылы ауызы берік отандастарымызға ауызашар таратуға шақырамын», - деп бас мүфти көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды.  

ҚР діни басқармасының мәлімдеуінше биылғы жылы рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады. Мобильді қосымшаға әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттердің есепшоты енгізіледі. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотына пітір садақасы мен зекетін үйден шықпай онлайн режимде аудара алады. Пітір садақа жанбасына 370 теңгеден.

Бас мүфти барша отандастарымызды ауызашар таратуға шақырды. Төтенше жағдай кезінде мемлкет басшылары жағынан қолға алынған «Біргеміз» акциясы жүзеге асып жатыр. Осы акцияның орыза айында да жалғасқаны, тіпті кемелдене түскені, Наурызбай қажы айтқандай отандастарымыздың ауызашар таратқаны да жөн. Бірақ бұл жағдайда да төтенше жағдағы  санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтағанымыз,өзгелерге ауыз ашар апарамыз деп өгеге не өзімізге зиянымызды тигізуден сақтанғанымыз жөн. Бұл ретте діни басқармада биылғы зекет пен пітірді онлайн беруге болатынын хабарлағанын жаздыұ. Сол үшін ауызашар болсын, пітір-садақа болсын осы айдағы жасайтын қайырылымдылық шаралары жүйелі түрде жасалғаны жөн. Әр азамат өз бетінше емес, төтенше жағдай шарттарына орындайтын арнайы құрлымдар негізінде көмектерін жасағаны болмаса мұқтаж жандарға көмегін онлайн түрде қаржылай бергендері абзал.

Рамазан айы береке мен бірліктің, қайыр мен мейірімнің айы. Бұл айда ізгі тілектер тілеумен бірге ешкімнің ешкімге зиянын тигізбеуге үндейді. Ендеше билығы жылғы оразаның басты амалы төтенше жағдай тәртібін қатаң ұстау болмақ. Елімізге, адамзатқа ізгі тілектер тілеп, мұқтаж жандарға қайырылымдық жасаумен оразаны өткізсек деймін. Қайырылымдылық жасаймыз деп тағы да өзгеге зиянымыз тимеуі үшін қайырылымдылықты да онлайн жасағанымыз жөн болмақ. Осы шарттарды орындай алсақ билығы оразаның амалдары өткелген болып табылмақ.


Тұрдыбек Құрметқан 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының оқытушысы


Jebeu.kz

 

 



 

 

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • EGOV ЕТЕКТЕН АЛҒАНДА ШЫҒЫС ШЫРҒАҒА ТАРТТЫ
    Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ: «КӨРШІНІ ҚҰДАЙ ТАҢДАЙДЫ»