Несиесі кешірілгендердің келешекте басқа несие алуына ешқандай кедергі жоқ

Уақыты: 2019-09-09 Көрлімі: 1077 Сипаттама

Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендер ешқандай «қара тізімге» алы...

8db3048c9ba7c53b677723451a93c1af.jpg

Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендер ешқандай «қара тізімге» алынбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясын айтты.

«Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендерге қатысты «қара тізім» жоқ. Бұл – мемлекеттік тұрғыда қабылданған бір реттік акция. Оның ешқандай негативті факторы жоқ. Сәйкесінше, несиесі кешірілген адамға да негативті әсері болмайды. Бүгін оның қарызының кешірілуі келешекте басқа  несие алуына ешқандай кедергі келтірмейді», - деді ол. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиесін кешіру акциясы уақытпен шектелмегенін айтты.

«Бұл бір жолдық акция. Яғни, жалпы берешек сомасы 2019 жылдың  1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс. Маусым айында осы жаңалықты ести салып банктен несие алғандар бұл тізімге кірмейді. Ондай азаматтар болды. Қабылдауға келгендердің арасында да бірен-саран азамат болды. Ал тізімге енбей қалғандар, өзін аталмыш 5 санатқа жатамын деп есептейтін азаматтар бізге құжаттарымен бірге өтінішін өткізуі керек. Яғни, акция қандай да бір уақытпен шектелмеген. Бұл тұрғыда азаматтардың алаңдауына негіз жоқ», - деді вице-министр. 

Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде 4 мыңнан астам жетім бала мен кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жастар туралы мәлімет жоқ.

 «Егер тізімде болмаса,  азаматтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін coll-орталыққа жүгіне алады. Ұялы телефон арқылы 200-дей адам маған тікелей шығып, өздерінің тізімге енбей қалғанын хабарлады. Ол кісілерге нақты түрде көмектесуге тырысып жатырмыз. Ал өткен аптаның сейсенбі-бейсенбі күндері ғана 120 кісі қабылдауға келді», - деді ол. 

Cаll-орталық телефондары: 111, 74-32-20,75-01-79,75-01-78.



Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Дәурен Абаев ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атады
    АҚШ әлемдегі ең мықты суперкомпьютерді іске қосты