Отандық көліктерді алуға бөлінетін несие бес есеге артады

Уақыты: 2019-06-20 Көрлімі: 545 Сипаттама

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин елімі...

crop_e98812ac9d5dbe635d24ad6e661a5eec_1460537828-735x400.jpg

ҚР Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде автокөлік өнеркәсібін дамыту жоспары туралы айтып берді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«5 айдың қорытындысы бойынша автоөнеркәсіп саласы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  46 пайызға өсті. Осы сала өңдеуші сектордың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда, сондай-ақ оның өсімінде үлкен әлеует бар. Егер де өткен жылы 30 мыңға жуық автомобиль шығарсақ, биыл 60 мыңға тарта көлікті ұсыну жоспарланып отыр», - деді Мамин. 

Осы орайда ол 2021 жылға қарай аталған көрсеткішті 100 мың автомобильге жеткізу мақсаты тұрғанын атап өтті.

 «Бүгінде бізде 4,5 миллионға тарта көлік бар. Оның ішінде 2,5 миллионы 20 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді және олар таяу арада утилизацияға жатқызылады. Нарық шынымен де ауқымды. Оны жергілікті өндіріс есебінен толықтырып, тиісті қаржылық тетіктерді ұсынуды жоспарлып отырмыз», - деді Үкімет басшысы. 

Автонесиелеу жағдайына тоқталған ол, «Егер де былтыр жеңілдікпен автонесиелеу бойынша 3,2 мың көлікті қаржыландырсақ, биыл несиелеу көлемін 15 мың көлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Яғни отандық автокөлікті сатып алуға бөлінетін несие көлемін бес есеге арттырмақпыз», - деді.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Тоқаев: Мен батыл ұрпақ өсіп келе жатқанын көріп тұрмын
    Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті

    Ұқсас тақырыптар