Елбасы "7-20-25" деп аталатын бағдарламаны түсіндірді

Уақыты: 2018-03-05 Көрлімі: 385 Сипаттама

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев тұрғын үй несиесін қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25"...


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев тұрғын үй несиесін қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламаны таныстырды.

Бүгін, 5 наурызда Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: "Соңғы жылдары азаматтарымыздың тұрғын үй алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында көп жұмыс атқардық. Былтыр тұрғын үйлерге 11,2 миллион шаршы метр берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш, осыған дейін мұндай көрсеткішке жеткен емеспіз. Дегенмен бұл біз үшін аз. Өзінің баспанасы жоқ отбасылар әлі де азайған жоқ. Арзан ресурстарды бере алатын механизмдер қажет. Сол кезде ғана жұмыс істеп жүрген әрбір қазақстандық несиеге пәтер сатып алып, осы қарызын отбасы бюджетінің мүмкіндігін ескере отырып төлей алады. "7-20-25" деп атаған бағдарламамды ұсынып отырмын. Келесі талаптар бойынша жұмыс істеп жүрген әрбір қазақстандық осы бағдарлама арқылы тұрғын үй несиесін ала алады: жылына 7 пайыз мөлшерлемесінен аспайтын несие болады, қазіргідей 14-16 пайыз емес. Бүгінде банктер бастапқы төлем 30 пайызға дейін болу керек деп жатса, кейде 50 пайыз деп жатса, "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы төлем 20 пайыздан аспайтын болады. Несие 10-15 жылға емес, 25 жылға беріледі. Бұл халықтың ай сайынғы төлемін азайту мақсатында", - деп аталған бағдарламаны түсіндірді.

Мемлекет басшысы тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырып, осы мәселені шешу үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Бұдан тыс Елбасы ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында айлық жалақысы 25 АЕК төмен жалақы алатын азаматтардың жеке кіріс салығын 1 пайызға төмендету, студенттерге грант мөлшерін 20 мыңға арттыру және 25000 студентке жатақхана салу, шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында оларға берілетін микрокредит мөлшерін тағы да 20 млрд.теңгеге артыру, елді газдандыру мәселесі сияқты ұсыныстарын да таныстырды.


Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған кеш өтті
Қанат Ислам Америкада "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты