Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Иран сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Аббас Арагчимен телефон арқылы сөйлесті.
Сөйлесу барысында Ван И Израильдің Иран аумағына жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады. Ол бұл әрекеттер Иранның егемендігін бұзып, БҰҰ Жарғысына қайшы келетінін айтты. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындар мен ядролық нысандарға шабуыл жасау аса қауіпті жағдай тудыратынын ескертті.
Аббас Арагчи Қытайға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Бейжіңнің аймақтағы тұрақтылықты сақтау ісінде маңызды рөл атқаратынына сенетінін білдірді. Өз кезегінде Ван И Қытайдың Иранмен және басқа елдермен бірге жұмыс істеуге, жағдайды бейбіт жолмен шешуге үлес қосуға дайын екенін растады.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан