Трамп бағаларды тұрақтандыру бойынша жеткен жетістігін айтып, мысал ретінде жұмыртқаның бағасын келтірді.
«Жұмыртқа бағасы 87%-ға арзандады. Бірақ ол жайлы ешкім айтып жатқан жоқ. Енді сіз қанша жұмыртқа сатып алғыңыз келсе, сонша жұмыртқа сатып аласыз! Бізде қазір жұмыртқа өте көп. Шындықты айтар болсам, бізде жұмыртқаның бағасы өте қатты арзандап кетті», - дейді ол.
Трамп әкімшілігі жұмыртқа бағасын осы уақытқа дейін бірнеше мәрте талқылаған еді. Жұмыртқаның қымбаттауына Трамп Байденді кінәлады. «Байден жұмыртқа туатын млндаған тауықты сойып тастады» деген еді ол.
https://t.me/paranoiakz телеграм арнасынан