Қасым-Жомарт Тоқаев туризмнің қарқынды дамуына жол ашатын бағыттарды атады

Уақыты: 2025-04-18 Көрлімі: 223 Сипаттама

– Бесінші. Туризм – аймақ экономикасының мұнай-газ саласынан кейінгі маңызды секторы. Б...

IMG_6865.jpeg

– Бесінші. Туризм – аймақ экономикасының мұнай-газ саласынан кейінгі маңызды секторы. Былтыр облысқа шетелден 43 мың турист келді. Еліміздің басқа аймақтарынан келген қонақтардың саны 460 мыңға жуықтады. Соңғы үш жылда жалпы туристер саны 1,5 есе артты. Жазда қонақ үйлердің 90 пайыздан астамы бос болмайды. Бекет Ата жерасты мешітіне, Бозжыра шатқалына, Айрақтыдағы «Қамалдар алқабына» және Торыштағы домалақ тастарға туристер өте көп барады. Маңғыстауға келетін әрбір оныншы адам осы нысандарға арнайы соғады. 


Туристерге, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау қажет. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Бекет Ата жерасты мешітіне көтерілу үшін автоматты қондырғы орнату туралы ұсынысты мұқият қарау керек. Жалпы, туристік нысандарға сондай жүйе орнату әлемдік тәжірибеде бар. Бірақ кесене – халқымыз үшін киелі орын. Сондықтан жұртшылықпен, түрлі мамандармен ақылдасып, жан-жақты ойластырып шешім қабылдаған жөн. Мен бұл ұсынысты қолдаймын.


Мен былтыр туризмді дамыту жөніндегі жиында әлеуеті зор бағыттарды атап өттім. Ал нақты Ақтауға келетін болсақ, бұл – көлік-логистика, туризм тұрғысынан бірегей қала. Бұл әлеуетті тиімді пайдалануымыз керек. Сондай-ақ теңіз туризміне баса назар аудару қажет. Бес елдің теңіз айлақтары бір-біріне жақын орналасқан. Ресей, Иран және Кавказ елдерінің миллионнан астам тұрғыны бар 10 қаласынан туристер шақыруға болады. Ыстанбұл, Анталья, Лондон, Мәскеу, Астрахань, Тбилиси, Баку және басқа да қалалардан шығатын ұшақтардың транзиттік дәліздері осы жерде тоғысады. Мұның бәрі туризмнің қарқынды дамуына жол ашады. Ақтау портында жаңа теңіз портын салу қажеттігі туындап отыр. Айлақтарды жолаушы таситын кемелер тоқтауға болатындай етіп жаңғырту керек. 


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасы


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды
    Трамп бағаларды тұрақтандыру бойынша жеткен жетістігін айтты

    Ұқсас тақырыптар