Еуроодақ басшылары Қытайға барады - БАҚ

Уақыты: 2025-04-12 Көрлімі: 122 Сипаттама

Шілде айында Бейжіңде Қытай мен Еуроодақ саммиті өтуі мүмкін. Бұл туралы South China Morning Post...

IMG_6677.jpeg

Шілде айында Бейжіңде Қытай мен Еуроодақ саммиті өтуі мүмкін. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.


Кездесуге Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен келеді деп күтілуде. Олар Қытай басшысы Си Цзиньпинмен сауда, экономика және геосаяси мәселелерді талқылайды. Қытай тарапы саммиттің нақты күнін әзірге жариялаған жоқ.


Бұл келіссөздер АҚШ пен ЕО арасындағы келіспеушіліктер күшейген тұста өтуі мүмкін. Еуропа Қытайдан келген тауарлардың өз нарығына ағылуынан қауіптеніп отыр. Бұл тауарлар бастапқыда АҚШ нарығына арналғанымен, тарифтерге байланысты бағыттарын өзгерткен.


Саммит Бейжіңде өтеді, себебі Қытай басшысы Си Цзиньпин Брюссельге барудан бас тартқан. Ол былтыр Еуропаға барғанын алға тартқан.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Қытай АҚШ тауарларына салықты 125%-ға дейін өсіреді
    Ғылым күні дүниеге келген ғалым

    Ұқсас тақырыптар