АҚШ пен Қытай арасындағы сауда айналымы 80%-ға қысқаруы мүмкін — ДСҰ

Уақыты: 2025-04-10 Көрлімі: 100 Сипаттама

АҚШ пен Қытай арасындағы өзара кедендік баж салығы тауар айналымын 80%-ға дейін төмендет...

IMG_6663.jpeg

АҚШ пен Қытай арасындағы өзара кедендік баж салығы тауар айналымын 80%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала мәлімдеді.


Қазір бұл екі елдің арасындағы сауда әлемдік айналымның шамамен 3%-ын құрайды. ДСҰ дерегінше, сауда шиеленісінің күшеюі жаһандық экономикаға кері әсер етеді. Теріс салдар тек АҚШ пен Қытаймен шектелмей, басқа елдерге, әсіресе кедей мемлекеттерге де таралуы мүмкін.


ДСҰ егер әлем экономикасы геосаяси блоктарға бөлінсе, жаһандық нақты ЖІӨ ұзақ мерзімде 7%-ға қысқаруы мүмкін екенін ескертті. Ұйым барлық елдерді диалог пен ынтымақтастыққа шақырды.


Сарапшылардың айтуынша, егер АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі жалғаса берсе, Қытай тауарлары Ресей мен басқа да БРИКС елдеріне көптеп экспортталуы мүмкін.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • АҚШ Қытайдан келетін тауарларға баж салығын 125%-ға дейін көтерді
    Қытай шетелдік туристер үшін салықты қайтару тәртібін жаңартты

    Ұқсас тақырыптар