АҚШ Қытайдан келетін тауарларға баж салығын 125%-ға дейін көтерді

Уақыты: 2025-04-10 Көрлімі: 109 Сипаттама

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығын 125%-...

IMG_6651.jpeg

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығын 125%-ға дейін өсіретінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешім Қытайдың әлемдік сауда ережелерін сақтамауына байланысты қабылданған.


«Қытай халықаралық нарықтарға немқұрайлы қарайды. Сол себепті мен Қытайға салынатын баж салығын 125%-ға дейін көтеремін. Бұл шешім бірден күшіне енеді», — деді Трамп.


Сонымен қатар ол бұл салықты бұдан әрі өсіру жоспары жоқ екенін айтты. «Мұндайға мәжбүр болмаймын деп үміттенемін», — деді АҚШ президенті.


Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинді досым деп атап, кездесуге дайын екенін жеткізді.


Осы ретте АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауы шешілмейінше, TikTok қосымшасын сату келісімі кейінге қалдырылатыны айтылды.


Ал АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын 75-тен астам елге тарифтерді 90 күнге шегеріп, олар үшін баж салығы 10% көлемінде белгіленетін болды.


t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді
    АҚШ пен Қытай арасындағы сауда айналымы 80%-ға қысқаруы мүмкін — ДСҰ

    Ұқсас тақырыптар