Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Уақыты: 2025-04-08 Көрлімі: 109 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп,...

IMG_6573.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.


Негізгі көрсеткіштер:


  300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған;

  Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылған; 

   Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды;

  Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ;

  Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.


➤ Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.


Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:


  Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 млрд теңгені құрайды;

  24 қаржы пирамидасы жойылды;

  Алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталған;

  22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.


Профилактикалық жұмыс:


  567 мың оқушыға және 100 мыңнан астам студентке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген.


➤ Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.


   Президент:


  экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады
    Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы келіссөздер 12-сәуірде Оманда өтеді

    Ұқсас тақырыптар