Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады

Уақыты: 2025-04-08 Көрлімі: 82 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қаз...

IMG_6572.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды. 


  Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды.


   Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.


➤ Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды. 


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
    Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

    Ұқсас тақырыптар