Шетел азаматтары мен қандастарымыз бір сағатта ЖСН ала алады

Уақыты: 2018-11-19 Көрлімі: 2640 Сипаттама

Бүгін Астанада Көші-қон саласын оңтайландыру және цифрландыру бойынша арнайы брифинг...

0049.jpg

Бүгін Астанада Көші-қон саласын оңтайландыру және цифрландыру бойынша арнайы брифинг өтті. Баспасөз мәслихаты барыснда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенбаева елімізге келетін шетел азаматтары мен қандастарымыз бір сағатта ЖСН ала алатынын айтты.

«Келесі жылдан бастап көрсетілетін жаңа қызметтерге тоқталғым келеді. Келесі жылдан бастап біз уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдейтін боламыз. ЖСН оларға елімізде бизнес жүргізу, келісімдер мен салық төлеу үшін қажет», - дейді Галина Сәрсенова.

Оның айтуына қарағанда, бұрын шеттен келген қандастарымыз Қазақстанда ЖСН алу үшін салық органдарына жүгінетін және ол жерден аталған құжатты алу үшін кемінде 5 жұмыс күні өткенше күтетін. Енді олай болмайды.

«Біз аталған қызмет бір сағаттың ішінде іске асырылады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде Ішкі істер министрлігі мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жаңа жылдан бастап бұл жұмысқа толықтай кірісеміз», - дейді ол.

Сонымен қатар Галина Сәрсенова ХҚКО-да жалпы көші-қон полициясы желісі бойынша 11 қызмет көрсетілетінін, алдағы уақытта бұлардың қатарын көбейтетінін айтты.

«Соңғы 2 жыл ішінде біз ХҚКО арқылы 4 мемлекеттік қызметті қосымша көрсете бастадық. Олардың қатарында: шетелге тұрғылықты тұру үшін шығу құжаттарын ресімдеу; шетелге ата-анасымен бірге шығу үшін балалардың фотосуреттерін ата-анасының паспортына жабыстыру; еңбек мигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту; Қазақстанда тұрғылықты тұратын шетелдіктің ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру қамтылған. Алдағы уақытта бұл қызметтердің қатарына тағы да бірнеше қызмет қосылатын болады», - деді Галина Сәрсенова.

Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасарының айтуына қарағанда бұның барлығы елге келген шетелдіктердің уақытын үнемдеу, тезірек құжаттандару үшін жасалып жатқан шаруа.

"Бұл тұрғыда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер Қазақстандағы тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда ХҚКО-ға барып, қызмет алатынын білу маңызды. Бұған дейін шетелдік басқа өңірге көшкен кезде көші-қон қызметінен арнайы рұқсат алуы қажет болатын. Одан кейін көшіп кеткен соң басқа өңірде тіркелуі керек. Бұның барлығы бірнеше күнді қажет ететін. Енді бұрынғы мекенжайдан шығу автоматты түрде жүргізіледі, яғни жаңа тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына бару жеткілікті" - дейді ол.


Дереккөз: Baq.kz 

Пікір жазу
  • Ұлыбритания елшісі: Креативті экономика бойынша Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайынбыз
    Қазақстан Қытайға 20 мың тонна ет пен 15 мың тонна бал экспорттайтын болды