Қандастар ЖОО-лардың дайындық бөліміне қалай құжат тапсырады?

Уақыты: 2020-08-13 Көрлімі: 1498 Сипаттама

Қандастар үшін Қазақстандағы ЖОО-лардың дайындық бөліміне түсуге құжат қабылдау басталды...

Снимок.JPG

Қандастар үшін Қазақстандағы ЖОО-лардың дайындық бөліміне түсуге құжат қабылдау 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында болады. 

 Қандастарымыз мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алды. Осы мақсатта 2020-2021 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінді.

Оқуға түсуге арналған құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-порталы https://enic-kazakhstan.kz арқылы онлайн режимде жүргізіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жеткізу үшін Сыртқы істер министрлігіне хат жолданды. Құжаттарды онлайн режимінде тапсыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 287526 нөміріне және admission@n-k.kz поштасы бойынша хабарласуға болады. 

ЖОО-дың дайындық бөлімдеріне құжаттар тапсыру үшін қадамдық нұсқаулығын 
сілтемеден оқуларыңызға болады. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстандық меценаттар туған жерлеріне 270 млрд теңгеге көмек көрсетті
    Болат Заутұлы: Көш жолындағы кедергілер алынатын кез келді