Жаңа жылдан бастап 5 қалада​ қандастарға арналған фронт- офистер ашылды

Уақыты: 2020-01-25 Көрлімі: 1077 Сипаттама

Еліміз бойынша атамекенге оралған бауырлардың құжаттарын заңдастыруға және қандаста...

200124182327516e.jpg

Еліміз бойынша атамекенге  оралған бауырлардың құжаттарын заңдастыруға және қандастардың кез-келген түйіткілді мәселелерін шешуге көмектесетін «Отандастар қорының» бірыңғай ақпараттық орталығы жұмыс істеп тұр, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Бұл орталық  оралман куәлігін алу, елімізде тұрақты тұруға рұқсат алу және азаматтық алу үшін құжаттар жинау үдерісіне заңдық және ақпараттық жағынан жедел кеңес береді. Оның құрамына кіретін фронт- офистер қандастарды алаңдатқан мәселелерді анықтап,тиісті мекемелер арқылы тез шешуге көмектеседі.Бұған қоса қандастарымызға жұмыс өтіліне қарай зейнетақы төлеу, сондай—ақ, өңірлік квотаға енгізілген ағайындарымызға  көшіп келу жол шығындарын өтеу және үй жалдауға субсидия беру жайында да ақпарат алуға болады.

«Атамекен» ҰКП, «ҚазАгро» холдингі, «Даму» қоры, «Kazakh invest» ұлттық компаниясы арқылы  қандастарымыздың қандай несиелер алып, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруға болатыны туралы да кеңестер беріледі. «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» өңірлердегі өкілдігі саналатын фронт-офистер еліміздің 10 қаласында ашылды. Өткен жылы 5 қалада ашылса, жаңа жылдан бастап тағы 5 қалада іске кірісті. 2019 жылы 1404 нөмірлі ақпараттық орталыққа 2640 қандасымыз қоңырау шалып, хабарласса, фронт-офистерге 1587 қандасымыз қабылдауға келді. Олар көтерген мәселелер құзырлы мекемелерге жіберіліп, жедел шешімін тапты. Ақпараттық орталыққа мобильді және қалалық телефондар арқылы 1404 нөміріне хабарласуға болады.





Пікір жазу
  • 2019 жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам қандасымыз оралған
    Дәурен Абаев: Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек