Асқар Жұмаділдаев: Мені қазақтың технологиялық тәуелсіздігі мазалайды

Уақыты: 2023-04-13 Көрлімі: 1292 Сипаттама

Ұлттық ғылым академиясының жарғысына «академия қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру ма...

Снимок.JPG

 Ұлттық ғылым академиясының жарғысына «академия қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мақсатында жұмыс істейді» деген сөзді қосып қою керек. Бұл туралы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.  

«Тәуелсіздіктің 4 қыры бар. Олар – саяси тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік, әскери тәуелсіздік және технологиялық тәуелсіздік. Өткен ғасырда мемлекетаралық теке-тірестер төркіні идеология саласында жатты. Бүгін теке-тірес технология саласында жатыр. Мені қазақтың технологиялық тәуелсіздігі мазалайды. Осы күнгі біздің өндіріс орындарының бәрі, әсіресе жер қойнауынан кен шығаратын орындардың бәрі шетелдік инвесторларға берілді. Бұл негізінен дұрыс қадам болды. Бірақ, бүгінде заман өзгерді, мемлекет өзгерді. Демек, біз осы инвесторларға талапты заман талабына сай беруіміз қажет. Инвестордың ығына жығылуды азайту керек. Менің ойымша, оларға үш шарт қою керек. Бірінші – салық, екінші – экология, үшінші ең бастысы - жергілік мамандарды, жергілікті ғылымды өндіріске пайдалану мәселесі», - деді ол.

Ғалым жер қойнауын пайдаланушылар табысының 1 пайызын отандық ғылымды дамытуға жұмсау іс-шарасы жалғаса беруі тиістігін баса айтты.

«Бұл қаражатты технологиялық тәуелсіздікті қуаттайтын жұмыстарға, ғылым мен қоғам байланысын нығайтатын жұмыстарға, ғылыми институттарға жаңа ғимарат салуға және заманауи зертхана салуға, сонымен қатар университет оқулықтарын қазақ тілінде шығаруға жұмсау керек. Осы жұмысты дұрыс істетін болсақ, жалпы ішкі өнімнің кемінде жарты пайызына жетуге болады», - деді ғалым.

Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының жарғысына «академия қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мақсатында жұмыс істейді» деген сөзді қосып қою керектігін баса айтты.

«Қолынан келсе істесін, істей алмаса қойсын. Бірақ, ана жерде тұрсын, міндеті екенін білсін», - деді ол.


Пікір жазу
  • Ғылымға көзқарас – мемлекет өркендеуіне көзқарас
    Сайлау және Жаңа Қазақстан

    Ұқсас тақырыптар