Қарашаңырақ және көш

Уақыты: 2022-12-23 Көрлімі: 1841 Сипаттама

Омарәлі Әділбекұлы Қарашаңырақ исі Қазақ үшін ұлтты ұйыстыратын,береке-бірлікке шақ...

Омарәлі Әділбекұлы

Снимок1.JPG

     Қарашаңырақ исі Қазақ үшін ұлтты ұйыстыратынбереке-бірлікке шақыратынотбасы құндылықтарын сақтаудажалғастыруда дәнекерлік ролы өте жоғары қасиетті ұғым болып келеді. Бұл дәстүр әсіресеҚытайМоңғолияИранда тұратын қандастарымыз  арасында жақсы сақталған. Олар елден ауа көшсе дебұлғақ заманның талқысына түссе д жасап жатқан елдеріндегі саясиқоғамдық өзгерістердің тепкісіне ұшыраса да дәстүрі  мен тіліндінін бойтұмардай сақтап ұрпағына аманаттап кетті. "Көп қорқытыптерең батыратын" мынау жаһандану заманында әлемнің елуге таяу еліне шашырап кетіптәуелсіздіктен кейін көктудың астына жиылып ұлттық бірегейлену үдерісін бастап кеткен Алаш жұрты үшін осы дәстүрді жаңғыртыпжаңаша сипат беріп ұлттық иделогияның бір тетігіне айналдыра білсек құба-құб болар еді.

    Ханнан қасиет қашпағанбилеріміз тұра жолдан таймағанби инустутында мұрагерлік механизмі қалыптаспаған көшпелілер заманына  үңілсек жақсылық пен жамандықты тең көтере білгенқайыршытүрме деген отырықшы қоғамның дертін бойына дарытпаған  арда Қазақ сөзі мен ісі бір жерден шыққанрудың ұйтқысы болған тұлғаның от жаққан ошағын өз кіндігінен тараған сенімдіопалыкөргенді бір баласына сеніп тапсырады .Көбінде сүт кенжеге талдау түседі бірақ тұңғыш ортаншы баллар да қағыс қалмайды. Өйткені"Қой асығы демеқолыңа жақса сақа  тұт " - деген дала демократиясы көшпелілердің өмір мен қоғамды танудағымеңгерудегі шамшырағы болатын.

    Ақсақалдың талдауы тиянақтаған соң ол отаудың мәртебесі дереу көтерідеді. Еншісін алып кеткендерден қалған мал-жанның иесі атанады .Қарашаңырақ табалдырығын аттаған абысын-келіндердің бәрі төрге озбайиіліп сәлем қылады. Алыс-жақыннан келген силымәртебелі қонақтар  сол үйдің іргесіне келіп аттарын алдымен байлайды. Атүстіндегі азаматтар келелі кеңесін сол қарашаңырақтың төрінде отырып бастайды. Айналада болып жатқан үлкен-кіші дау-жаңжалдар сол жерде талқыға түсіпшешімін тауып жатады.

      Қазақи ұғымда үш жүзге бөлінген  Қазақ тайпаларының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан әспеттепардақтап силайтын тіпті ұранына айналған қарашаңырағы бар ол жөнінде таратыптамсанып айтылатын аңыз-афсаналар жетерлік. Нақтырақ айтсақҚытай Қазақтарында арысы Тоғыз таңбалы Найманнан берісі Төлек Атайдың төрт баласын пұтарлап айтқандаАбақ Керейдің онекі құрамын түгендегендеАлбанның алты тармағын жіңішкелегенде айтылған әңгіменің бәрі қарашаңырақтың өткені мен бүгініне барып тоғысады. Осы дәстүріміздің арқасында ұлтымыз мына жаһандану заманында өз "МЕНІН " немесе кодын жоғалтпай отыр.

      1982 жылы жаздың аяғына таман Пекин орталық ұлттар университетінен оқуға қабылдандың деген шақыртуды жайлаудағы жұртымызға үлкен ағам мархум Қаһарман Әлиасқарұлы түнделетіп жеткізді. Ол заманда машина деген некен-саяқ негізгі қатынас көлігіміз мініс ат пен арба болатын. Әке-шешем құаныштан жарыла жаздап айналадағы көрші-қолаңтуыс-туғанқұда-жұратты шақырып бір қойын атап сойып жолға шығарып салды. Бір белден аса бергенімізде Нүсіпбек ақсақал артымыздан қуып жетіп "Асеке  (әкем Әлиасқарды ел осылай атайтын ) алысқа аттанған мына баламды Қарабидің (Найманның Есіргеп биі ) қарашаңырағынан дәм татырмай қалай жібереміз? Аудан бойынша дара шапқан бала екенҚараби бабамыздың аруағы жат жерде жебеп жүрсін!» -деп уәж айтты. Аттың басын бұрдық. Қарашаңыраққа кіріп құран оқытыпдәм ауыз тиіп барып сапарды жалғастырдық. Бұл сәт менің бала жүрегімде мәңгілікке сақталып қалды. Содан бастап жыл сайын туған жерге келгенімде  міндетті түрде сол қарашаңыраққа сәлем беріп шығу  әдетіме айналды.

       2014 жылы үлкен ұлым Баршын Омарәліұлы Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебін пітіріп ҰБТ дан жоғары бал жинап Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне грантпен қабылданды. Бұл кез елге келіп есімізді жиыпалыс-жақындағы туыстарымыздың денін атамекенге көшіріп алғамыз. Ұлымның жаңа өмірі басталып жатыр. Әулетіміздің Алматыға келіп өмір есігін ашқан алғашқы буынының өкілі жаңа өмірге жолдама алғалы тұр сонымен жұмысымды бір аптаға тоқтата тұрып отбасымды ертіп Қытайға тартып кеттім. ӘуеліҚұлжа қаласында тоқтап балаларымның нағашы атасы мен апасының басына құран оқытыпдұға бағыштадық одан соң Құйтындағы нағашыларына еру болыҮрімшіге аялдап шешесінің оқығанқызмет істеген жерін көрсеттік оданары Корла қаласына қона жатып шешелері туып -өскен қаланы саяхаттадық. Ертесі Тәңіртаудан тағы бір рет асып Күнеске келіп ат суыттық. Бұл жерде әйгілі Таңжарық Жолды ұлының тетелес інісіжолдасы болғанақын шығармаларының насихатшысыіздеушісі атанған Іле өңіріне танымал ағартушы Ырымбек Сарқұлжаұлының қарашаңырағына бас сұғып құран оқытыпдұға бағыштадық. Қызай (Күнбүбі Бәйдібекқызы ) анамыздың қарашаңырағы кенжесі Дербістен жалғасып Тұрды Әбілғазы деген кісіге жеткен екенсол отбасыға жол-жосынымызбен арнайы барып қарашаңыраққа деген құрметіміз бен ықыласымызды білдірдік.

Снимок.JPG

      Ертесі сапарымыз менің туған жерім Тоғызтарау ауданында жалғасты. Өзімнің балалық шағымның ізі қалған Бессала мен ТайтуғандыАғарсын ауылындағы мектепті көрсеттім. Өзім алғаш жоғары оқуға аттанғанда  батасын беріпақжол тілеген Нүсіпбек ақсақалдың отауына арнайы бардық. Найманның биі ретінде көптеген аңыз бен хисаға  арқау болғанҚытайОрыс жылнамаларында есімі қалғанТүркістандағы Қожа-Ахмет мешітінің жанындағы қорымға асыл тәні ардақталып қойылған Есіргеп Жаңғабылұлының (Қараби ) қарашаңырағын ендігі жалғастырушысы  Нурибек Мұсабекұлы  тәуелсіз елдің екі тумасы мен ерлі-зайыпты екі жекжатын құшақ жая қарсы алды. Ендігі кезекте бұл күнде әйгілі саяхат орталығына айналған Көлденең жайлауына барып Ілеге Қызайларды бастап келген әйгілі төрт бидің біріел арасында атақты Сасан биге арнап" Айғыр сойған Сәттібай би" атанып кеткенсүйек қуғанда төртінші атам болып келетін Сәттібай бидің қарашаңырағына ие болып отырған Құлжабай Ағәділ ағамыздың үйіне барып зиратымызды жалғастырдық.

      Бұл сапардан балаларымның не сезіпне түйсінгені қандай ойға келгенін білмеймін бірақ әкелік борышымды өтедім деп ойлаймын! Олар да есейіп-ержетіптолысыпкемеліне келген кезінде әкелерінің арманы мен алаңынбөлініп-жарылған Қазақтың тағдыры мен тауқыметін сезініптүсінеркелешегі мен көкжиегі туралы ойланар деп үміттенемін.

      Тарихшы Нәбижан Мұқаметқанұлы "Ұлт бірегейленбей мемлекет нығаймайды. Бұл – аксиома." деп атап өткендей жаңа Қазақстан бұрынғы биліктің қырық темірдің қылауынан "Қазақстандық ұлт" жасаймын деген қияли фантазиясын ұмытып ұлттық бірегейлену мен отарсыздандыру үдерісін шындап қолға алса қазіргі шиленіскен әлемдік гео-саясат пен тайталасқан ішкі тарыстың тамырын тап басар еді. Ұлттық бірегейлену үдерісі басталғалы отыз жыл болды ауыз толтырып айтатындай нәтиже бар дегенмен кемшілік пен іркілісте жоқ емес. Жаңа қазақстан осы бағыттан ешқашан ауытқымайды өйткені жиналған тәжірибе мен жолға қойылған идеология жұрт жүрегіне жол тапты. Көштің қажеттілігі мен маңыздылығы әр Қазақтың көкірегінде сайрап тұр енді Қазақ көшінің саны мен сапасын арттыру көкжиегін кеңейту әр Қазақтың парызы. "Тарам-тарам жолдың бәрі мекеге бастап барады "дегендей сол жолдың бір тармағы әрі деңі Қазақ санасындағы қарашаңырақ ұғымы болса керек. Сол ұғымды заманға сай жаңғыртуруға бөлініп ескіні аңсау емесдәстүрді ұлт мүддесіне қарай бейімдеуайналысқа түсіру болып табылады. Әр тайпаныңәр рудың мақтанышынасимволына айналған қарашаңырақ иелерін атамекенге көшіріп келсек біраз қауымның қозғалуына түрткі боламыз тіпті бәсеке десе барын салыпқатарынан қалуды намыс көретін ақеділаңқау халқымыз жапатармағай атсалысатын шығар?! Қазақ көші дәстүрлі құндылықтармен көмкеріліпқуаттанса ісіміз игікөшіміз көлікті болары сөзсіз.  Әринеата-бабаларымыз "аруақты жерден ат үркеді. "Шөп шыққан жеріне шыдады" деп тәлім бермеп пе еді!?

      Айтпақшыәңгіме басында айтылған Қараби (Есіргеп Жаңғабылұлы) бабамыздың қарашаңырағына  бас болып отырған Нұрибек Мұсабектің ұлы Өркен биыл көктемде үшінші ел арқылы Алматыға келіп ораласты. Сонымен Қараби бабамыздың қарашаңырағының бір уығы елімізде шаншылды. Біраз жылдың алдында атам Әділбектің қарашаңырағын ұстап отырған Сырайыл Әлқанұлы Шелекке отбасымен көшіп келіп ортамызды толтырғаненді амандық болсашекара ашылып жатса  Сәттібай бабамыздың қарашаңырақ иелерімен қауышамыз деп үміттенемін.

      Шетелде қалып қойған бар Қазақтың қарашаңырағы атамкенде көтерілітүтіні түзу ұшсын деп тілейік!


Пікір жазу
  • Азаттық жолында қыршын кеткен боздақтар
    Даңқы дәуірге жүк болған Дарабоз

    Ұқсас тақырыптар