Түркияда Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Уақыты: 2026-10-29 Көрлімі: 7 Сипаттама

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президе...


IMG_2113.jpeg

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті


  Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.


  Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды. 


  Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 


  Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.


Aqorda телеграм арнасынан 

Пікір жазу
  • Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз жүргізді

    Ұқсас тақырыптар