"KAT" ҚАҒАЗЫ МА, ӘЛДЕ ЖАСАНДЫ ТАПШЫЛЫҚ ПА

Уақыты: 2026-08-05 Көрлімі: 29 Сипаттама

ө*Алматы импорттаушылары: Шекарадағы коллапс инфляцияны үдетіп, үкімет беделіне соққы...


өIMG_1309.png

*Алматы импорттаушылары: Шекарадағы коллапс инфляцияны үдетіп, үкімет беделіне соққы береді*


Соңғы 2 аптада Алматыға Қытайдан жүк тасымалдау нарығында тағы да коллапс басталды.


*Цифрлар бәрін айтады:*

1. *Қытай, Цзыцзян өлкесі - Қорғас шекарасы:* 7000 км. Тасымал ақысы: *$3500-$3800*

2. *Қорғас - Алматы:* 400 км ғана. Бұрынғы баға: *$1200-$1500*

3. *Бүгінгі баға: $3700-$4000*


400 км үшін 7000 км-ден де қымбат төлеп отырмыз. Баға 2.5-3 есеге өсті.


*Ресми себеп: "KAT рұқсаты жоқ"*

Тасымалдаушылар қазақстандық жүк көліктерінің Қорғасқа "KAT" халықаралық рұқсаты болмағандықтан кіре алмай отырғанын айтады.


*Бұл бірінші рет емес.*

Дәл осындай жасанды тапшылық пен бағаның күрт өсуі 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында орын алған еді. Сол кезде мәселе Көлік және Коммуникациялар министрінің отставкасынан кейін ғана шешілген болатын.


*Неге бұл тек кәсіпкерлердің мәселесі емес?*

1. *Инфляцияның үдеуі:* Бүгін тасымал $4000 болса, ертең бұл шығын күнделікті тұтыну тауарларының бағасына қосылады. Киім, тұрмыстық техника, жиһаз, балалар тауары қымбаттайды. Ұлттық Банк инфляцияны тежеуге тырысып жатқанда, біз оны өз қолымызбен үдетіп отырмыз.

2. *Үкімет беделіне нұқсан:* Алда саяси науқан келе жатыр. Халықтың қалтасына тікелей әсер ететін бағаның өсуі - бұл билікке деген сенімнің төмендеуі. 2025 жылғы жағдай қайталанса, жауапкершілік кімде?


Шекарада жүктер тұр, кәсіпкерлер шығынға батып жатыр.


*Біз, Алматыдағы импорттаушы кәсіпкерлер, Үкімет пен Көлік министрлігінен талап етеміз:*


1. *"KAT" рұқсаттарының бөліну мөлшері мен тәртібін ашық жариялаңыз.* Тапшылық шынымен бар ма, әлде жасанды ма?

2. *Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүк тасымалдау нарығындағы баға келісімін дереу тексерсін.*

3. *Шекарада жүк тоқтап қалмауы үшін жедел шаралар қабылдансын.*


*"KAT" — бизнесті тоқтатуға емес, дамытуға және халықтың әл-ауқатын қорғауға арналған құжат!*


_Алматы қаласының кәсіпкерлері_

_05.08.2026_


Пікір жазу
  • Қытай көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға басымдық береді
    Президент «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

    Ұқсас тақырыптар