Қытайда ЖИ-ға бола жұмыстан шығару заңсыз деп танылды

Уақыты: 2026-05-05 Көрлімі: 5 Сипаттама

Қытайдың Ханчжоу қаласында сот қызметкерді жасанды интеллектке ауыстыру үшін жұмыста...

IMG_0357.jpeg

Қытайдың Ханчжоу қаласында сот қызметкерді жасанды интеллектке ауыстыру үшін жұмыстан шығаруды заңсыз деп таныды. Іс мәтіндерді тексерумен айналысқан қызметкер мен компания арасындағы даудан туындаған. Жұмыс беруші оған жалақысы төмен басқа қызмет ұсынған, бірақ қызметкер келіспеген соң жұмыстан босатылған.


Сот бұл шешімді заңсыз деп тауып, компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. Судьялар ЖИ енгізу — компанияның ішкі шешімі болғанымен, ол еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайтынын атап өтті.


Бұған дейін Бейжіңде де осындай жағдай тіркелген. Бұл шешім Қытайда қызметкерлердің құқықтарын қорғау күшейіп жатқанын көрсетеді.


t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua LTD-ның директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар