Қытай мектептерде оқу жүктемесін азайтпақ

Уақыты: 2026-04-01 Көрлімі: 136 Сипаттама

Қытай билігі оқушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдету үшін жаңа ережелер енгізуде....

IMG_0126.jpeg

Қытай билігі оқушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдету үшін жаңа ережелер енгізуде. Енді мектептерде артық үй тапсырмасы беруге, жиі емтихан өткізуге және балалардың демалыс уақытын шектеуге тыйым салынады.


Сондай-ақ балабақшаларда мектеп бағдарламасын ерте оқытуға болмайды, ал мектептер оқушыларды емтихан арқылы іріктей алмайды. Бұл балалардың психологиялық және физикалық денсаулығын қорғауға бағытталған.


Мамандардың пікірінше, оқу жүктемесінің шамадан тыс болуы күйзеліс пен ұйқысыздыққа әкеледі. Осыған байланысты мектептер оқушыларға күніне кемінде екі сағат дене белсенділігін қамтамасыз етуі тиіс.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қырымда Ан-26 ұшағы құлап, 29 адам қаза тапты
    Қазақстан жұмыртқа импортын 6 айға шектеуді жоспарлап отыр

    Ұқсас тақырыптар