Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

Уақыты: 2025-12-08 Көрлімі: 18 Сипаттама

Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара қ...

IMG_9413.jpeg

Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.


  Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады.


  Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты.


  Қазақстан Президенті «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.


  Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.


  Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.


 t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Кедендегі кедергілер – инфляцияның өсуінің басты себептерінің бірі
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөз жүргізді

    Ұқсас тақырыптар