Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады

Уақыты: 2025-06-16 Көрлімі: 27 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының елімізге сапары оның туған күнімен тұспа-тұс келіп...

IMG_7524.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының елімізге сапары оның туған күнімен тұспа-тұс келіп отырғанына ерекше мән беріп, Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке, жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі


– Сізді Қазақстанда аса көрнекті мемлекет қайраткері, халықаралық қоғамдастық алдында зор абырой-беделге ие көреген көшбасшы деп біледі. Еліңіздің қарқынды дамуы Өзіңізбен тікелей байланысты. Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында Қытай Халық Республикасы әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісінде ерен жетістікке жететініне сенімдімін. Біз жаңа тарихи кезеңде өзіне тән ерекшелігі бар социализм негізін қалап жатқан Қытай халқының мол табыстарына шын қуанамыз. Сіздің маған және барша Қазақстан халқына деген құрметіңізді жоғары бағалаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді
    Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі деп атады

    Ұқсас тақырыптар