Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі бес инвестордың қатарында. Инвестиция көлемі — 26 млрд доллар. Бүгінде 63 бірлескен жоба жүзеге асты (9,6 млрд доллар, 12,8 мың жұмыс орны). Тағы 59 жоба іске асырылуда (14,6 млрд доллар, 14,7 мың жұмыс орны). Жалпы 57 млрд доллардан асатын 235 жоба энергетика, агросектор, өнеркәсіп, инфрақұрылым және химияны қамтиды. Көптеген жоба қайта өңдеу және өнеркәсіптік даму бағытында, бұл Қазақстанның экономикалық стратегиясымен үндеседі.
Қазақстан “Бір белдеу – бір жол” бастамасы аясында Қытаймен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Ел Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік хаб ретінде логистика мен инфрақұрылым мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Қорғас порты, Алтынкөл өткелі және “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” дәлізі жүк тасымалын тұрақты қамтамасыз етіп отыр.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан