Мемлекет басшысы БАӘ-нің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруиді қабылдады

Уақыты: 2025-05-30 Көрлімі: 525 Сипаттама

Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерін...


IMG_7349.jpeg

 Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруимен кездесті.


  Президент Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Астанадағы кездесуін ықыласпен еске алды. Оның аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды.


  Сухейл әл-Мазруи Астана халықаралық форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.


  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сухейл әл-Мазруи жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жолдарын, соның ішінде екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту бастамасын талқылады. Министрдің айтуынша, Әмірліктер Абу Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған келісімдерді орындауға белсене кірісіп кеткен.


  Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері қарастырылды. 


 t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолян Шумен кездесті
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

    Ұқсас тақырыптар