Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Уақыты: 2025-05-28 Көрлімі: 140 Сипаттама

Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руанда Прези...

IMG_7323.jpeg

Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руанда Президенті Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады


????Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:


1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасында саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;


2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Руанда Республикасы Қаржы және экономикалық жоспарлау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 


3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Руанда Республикасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 


4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Руанда Республикасы Білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;


5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Руанда Республикасы Ауыл және мал шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;


6. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім;


7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;


8. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Руанда Республикасы Сауда және индустрия министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;


9. «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
    Қазақстан мен Руанда президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

    Ұқсас тақырыптар