Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

Уақыты: 2025-05-28 Көрлімі: 93 Сипаттама

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл...

IMG_7320.jpeg

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективасы талқыланды.


➤ Қасым-Жомарт Тоқаев:  


  Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді іске асырғаны үшін CITIC Group компаниясына алғыс айтты. Өндіріс орнындағы жұмыстар биыл сәуір айында мерзімінен бұрын аяқталды;


  Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде CITIC Group компаниясының қызметіне жоғары баға берді;


  Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.


➤ Си Гохуа:  


  корпорацияның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын тарту, Орталық – Батыс автокөлік жолын жөндеу, астықты терең өңдеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.


 t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қазақстан мен Италия АӨК саласында бірлескен инвестициялық қор құруды талқылауда
    Ақордада елімізге Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамені қарсы алу рәсімі өтті

    Ұқсас тақырыптар