Қытай ғалымдары жүрек аритмиясын ерте анықтайтын «ақылды» жүйе жасап шығарды

Уақыты: 2025-05-25 Көрлімі: 137 Сипаттама

Қытайдың Хэфэй қаласындағы Ғылым және технология университетінің мамандары жүрек ырғ...

IMG_7260.jpeg

Қытайдың Хэфэй қаласындағы Ғылым және технология университетінің мамандары жүрек ырғағының бұзылуын — яғни мерцательді аритмияны — ерте кезеңде анықтай алатын жаңа жүйе ойлап тапты. Бұл жүйе радиотолқындар арқылы жүректің жұмысын бақылап, жасанды интеллекттің көмегімен диагноз қояды.


Зерттеушілер сау адамдар мен жүрек аритмиясы бар науқастардың жүрек соғу ритмі әртүрлі болатынын байқаған. Осыны негізге алып, олар 6 мыңнан астам еріктінің жүрек жұмысын арнайы құрылғылар — электрокардиограф пен радар арқылы тексеріп шықты.


Жиналған мәліметтер жасанды интеллектке жүктеліп, жүйе нақты диагноз қоюға үйретілді. Нәтижесінде жаңа технология 90% жағдайда дұрыс диагноз қоя білді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық жүрек ауруларын ерте анықтауға және уақытында ем бастауға үлкен мүмкіндік береді.


   t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
    Президент мемлекеттік наградалар тапсырды

    Ұқсас тақырыптар