ҚР делегациясы ОА елдері мен Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Жастар форумына қатысты

Уақыты: 2025-05-24 Көрлімі: 330 Сипаттама

2025 жылғы 22–24 мамыр аралығында Душанбеде Орталық Азия және Шығанақ елдері ынтымақтасты...



IMG_7254.jpeg

2025 жылғы 22–24 мамыр аралығында Душанбеде Орталық Азия және  Шығанақ елдері ынтымақтастығы кеңесінің Жастар форумы өтті. Форумға 10 мемлекеттен жастар және спорт саласының басшылары мен өкілдері қатысты.


Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Отбасы және жастар істері комитетінің өкілі Жанар Ислямова сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарымен, сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде қазақстандық жастар жеткен жетістіктерді атап өтті.


Бұл форум – жас ұрпақтар арасындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстыруға, сондай-ақ тұрақты даму, инновация, қоршаған орта, спорт және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамаларды қолдауға және екі өңір мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.


https://t.me/madenietaqparat телеграм арнасынан

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
    Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

    Ұқсас тақырыптар