Қытай Орталық банкінің басшысы Азия елдерін тарифтерге қарсы бірігуге шақырды

Уақыты: 2025-05-06 Көрлімі: 207 Сипаттама

Қытай Халық банкінің төрағасы Пань Гуншэн Азия елдерін сауда тарифтеріне бірлесіп қар...

IMG_7007.jpeg

Қытай Халық банкінің төрағасы Пань Гуншэн Азия елдерін сауда тарифтеріне бірлесіп қарсы тұруға шақырды. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемдік экономикада тұрақсыздық күшейіп барады.


Бұл мәлімдеме Италияның Милан қаласында өткен АСЕАН+3 елдерінің (Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея) қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының кездесуінде айтылды.


Кездесуде қатысушылар Чиангмай көпжақты бастамасы (CMIM) аясында жаңа жедел қаржыландыру жүйесін құруға келісті. Бұл жүйе қажет болған жағдайда елдерге юань және басқа да еркін айырбасталатын валюталармен шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


Сонымен бірге бастаманы одан әрі дамыту бойынша нақты қадамдар белгіленді.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Қытай қосымша құн салығын қайтару жүйесін жеңілдетіп жатыр
    Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті

    Ұқсас тақырыптар