Трамп: «Экономика құлдырады, бірақ кінәлі мен емес»

Уақыты: 2025-05-01 Көрлімі: 60 Сипаттама

Трамп экономикадағы құлдырауға Байденді кінәладыТрамп экономикалық құлдырау үшін Бай...

Трамп экономикадағы құлдырауға Байденді кінәлады

Трамп экономикалық құлдырау үшін Байденді айыптап отыр, ал сарапшылар кедендік баждардың әсерін атап өтуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

АҚШ Президенті Дональд Трамп ел экономикасының 2022 жылдан бергі ең әлсіз тоқсандық көрсеткіштері үшін бұрынғы президент Джо Байденді айыптап, бұл жағдайдың «КЕДЕНДІК БАЖДАРҒА ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ» деп мәлімдеді.

Бүгін жарияланған есепке сәйкес, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 0,3%-ға қысқарды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы 2,4% өсіммен салыстырғанда күрт құлдырау болып табылады. Осы мәліметтерден кейін АҚШ-тағы фьючерстік қор нарығы да төмендеді. Көптеген экономистер Трамптың әлемдік саудаға ықпал етуді көздейтін кедендік саясаты елде инфляцияны арттырып, тіпті рецессияға алып келуі мүмкін деп санайды.

Алайда Трамп өзінің кедендік тарифтерінің экономикаға теріс әсер ететінін науқан кезінде бірнеше рет жоққа шығарып, орын алған құлдырау үшін Байденді кінәлады.

«Бұл – Байденнің нарығы, менің емес. Мен тек 20 қаңтардан бастап билікке келдім. Пошлиндер енді ғана іске қосылады, ал компаниялар АҚШ-қа жаппай оралып жатыр. Біздің еліміз қарқынды өсімге енеді, бірақ алдымен ‘Байденнің мұрасынан’ арылу керек. Бұл біраз уақыт алады және МҰНЫҢ БӘРІ ПОШЛИНДЕРГЕ ЕМЕС, БАЙДЕН ҚАЛДЫРЫП КЕТКЕН НАШАР КӨРСЕТКІШТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ. Бірақ бум басталғанда – бұрын-соңды болмаған өсім болады», – деп жазды Трамп Truth Social платформасында.

Президенттік қызметінің 101-ші күнінде Трамп америкалықтарға: «САБЫР САҚТАҢДАР!!!» деп үндеу жолдады.


Folitica.kz сайтынан

Пікір жазу
  • Украина мен АҚШ сирек кездесетін металдарды игеру бойынша келісімге қол қойды
    Кері қайту

    Ұқсас тақырыптар