Қытайдың Гуандун провинциясындағы Наньлин ауылында бірінші рет некеге тұрған жастарға 40 мың юаньға дейін (шамамен 5,5 мың доллар) сыйақы беріледі. Бағдарлама сынақ режимінде іске қосылған. Ақша алу үшін ерлі-зайыптылар жергілікті қоғам мүшесі болуы керек және кемінде бір жыл бірге тұруы қажет.
Егер неке жалған болса немесе жұп бір жыл ішінде ажырасып кетсе, берілген ақшаны қайтарып алады.
Сонымен бірге бұл ауылда бала туғандарға да ақша беріле бастады: бірінші бала үшін – 10 мың юань (шамамен 1400 доллар), екінші бала үшін – 20 мың юань, үшінші бала үшін – 30 мың юань төленеді.
Осындай қолдау Чжэцзян және Шаньси провинцияларында да бар. Мысалы, Шаньси провинциясындағы Люйлян қаласында әйел 35 жасқа толмай тұрып алғаш рет некеге тұрғандарға 1,5 мың юань беріледі.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай төлемдер некеге тұру мен бала тәрбиелеуге кететін шығындарды азайту үшін енгізілуде. Бірақ бағдарламалардың дұрыс орындалуын бақылау қажет екенін де ескертті.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан