Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Уақыты: 2025-04-18 Көрлімі: 220 Сипаттама

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш р...

IMG_6863.jpeg

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген. 


  Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.


  Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан 


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды

    Ұқсас тақырыптар