Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Уақыты: 2025-04-17 Көрлімі: 227 Сипаттама

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақста...

IMG_6855.jpeg

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті. 

IMG_6856.jpeg

IMG_6857.jpeg

➤ Сенім грамоталарын 


   Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов, 


  Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс, 


   Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда, 


   Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун, 


   Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки, 


  

   Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,


   Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды. 


➤ Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.


➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.


t.me/aqorda_resmi телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы наурыз айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы
    Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

    Ұқсас тақырыптар