Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарында және БҚО-да уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуға жол бермеді
Олжас Бектенов СҚО мен ШҚО-дағы су тасқыны жағдайының мониторингін жалғастыруды тапсырды
???? Еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар тарапынан жеделдікті және тәулік бойы мониторингімен қамтамасыз етуді тапсырды.
???? Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуға және осы өңірлердің тұрғындарына зиян келтіруге жол бермеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі болжануда. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында әлі де шамамен 50% қар қоры бар.
«Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруды тапсырамын. Күштер мен құралдар әрдайым жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
https://t.me/KZgovernment телеграм арнасынан