Қытай төрағасы Си Цзиньпин 14 сәуірде Вьетнам астанасы Ханойға келді. Бұл – оның Оңтүстік-Шығыс Азияға жасайтын сапарының алғашқы аялдамасы. Ол 18 сәуірге дейін Вьетнам, Малайзия және Камбоджаға барады.
Сапар АҚШ-тың бұл елдерге сауда қысымын күшейткен кезінде өтіп жатыр. Вашингтон Вьетнам өнімдеріне 46%, Малайзияға 24%, ал Камбоджаға 49% көлемінде баж салығын енгізуді қарастырып отыр. Осыған байланысты бұл елдер АҚШ-пен келіссөз жүргізуде.
Ал Қытай мен Вьетнам өзара ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Вьетнам үкіметі шамамен 40 келісімге қол қойылады деп мәлімдеді. Олардың ішінде теміржол салу және цифрлық экономиканы дамыту жобалары бар.
Сондай-ақ, 16-17 сәуір күндері Қытай мен Вьетнам әскери-теңіз күштері Бэйбу шығанағында бірлескен патруль өткізеді.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан