pple компаниясы iPhone өндірісін Қытайдан АҚШ-қа ауыстырмайды

Уақыты: 2025-04-09 Көрлімі: 85 Сипаттама

Америкалық сарапшы Марк Гурманның айтуынша, Apple компаниясы Қытайдағы iPhone өндірісін АҚШ...

IMG_6643.jpeg

Америкалық сарапшы Марк Гурманның айтуынша, Apple компаниясы Қытайдағы iPhone өндірісін АҚШ-қа ауыстыруды жақын жылдары жоспарламайды. Оған себеп – АҚШ-тың тарифтік саясаты мен өндіріс шығындарының өте жоғары болуы.


2016 жылы, Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін, Apple компаниясы смартфондарын АҚШ-та құрастыруды ойластырды. Бірақ бұл идеядан бас тартты, себебі АҚШ-та өндірілген өнімнің құны екі есе қымбаттаған болар еді.


Apple компаниясы алдағы бес жылда АҚШ экономикасына 500 миллиард доллар инвестиция салуға уәде бергенімен, елде жоғары технологиялы өндіріс құруға қажетті жұмыс күші мен инфрақұрылымның жетіспеуі кедергі болып отыр.


Жаңа жағдайларға бейімделу үшін компания басқа елдерде өндірісті арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта iPhone Үндістанда жиналады, ал 2028 жылға қарай оның өндіріс көлемі 25%-ға дейін өсуі мүмкін. Сонымен қатар, көптеген компоненттер Вьетнам, Малайзия және Тайландта өндіріледі.


Morgan Stanley сарапшыларының айтуынша, жаңа тарифтер компанияға жыл сайын 8,5 миллиард доллар шығын келтіруі мүмкін. Егер Apple бұл шығынды тұтынушылар есебінен өндіретін болса, iPhone бағасы 30-40%-ға қымбаттауы мүмкін.


✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арү

насынан


Пікір жазу
  • Қытайдың қаржы нарығындағы көрсеткіштер
    Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлді

    Ұқсас тақырыптар